Threads-ке қазақша да, орысша да адам жазғандай посттар
ЖИ аударма жасағандай жазбайды, өзіміз қалай сөйлесек, солай жазады. Белгіленген уақытта өзі жариялайды. Сіз тек мақұлдайсыз.


Өзіміз сөйлейтін қазақша
Ағылшын тілін үйренуге ешқашан кеш емес! Ересектерге арналған онлайн-курстар: ыңғайлы кесте, түсінікті сабақтар, сөйлесу тәжірибесі және нақты нәтиже. Бүгін бастаңыз, болашақтағы мүмкіндіктеріңіз кеңейеді!
30-да да, 45-те де ағылшын тілін қайта қолға алу кеш емес. «Мектепте оқыдым, бірақ сөйлей алмаймын» деп сөйлеуден жасқанатын болсаңыз, алғашқы сабақта осы жайлы асықпай сөйлесіп, талдау жасап, жеке жоспар құратын боламыз. Қате айтсаңыз түк етпейді. Бастысы, сөйлей бастаңыз, ары қарай тіліңіз өзі ашылады.
Тақырып біреу: ересектерге арналған ағылшын тілінің онлайн курстары. Сол жақта кәдімгі ЖИ чатының жазғаны: ұрандар, жалпылама сөздер. Оң жақта Threads Studio жазып, парақша иесі өңдеген жазба: адам сөйлегендей. Қай мәтін кімдікі екенін білмеген екі ЖИ-төреші әр түрлі тақырыптағы жазбалардың қаншалықты табиғи шыққанын бағалап, кәдімгі чатқа 10 балдың 2,8-ін, Threads Studio-ға 8-ін берді.
Threads-ке керектің бәрі бір жерде
Өз мәнеріңізбен жазады
Өзіңіз сипаттап берген жазу мәнеріңіз бен сәтті деп белгілеген мәтіндеріңізге қарап жазады. Басыңыздан өткен оқиғаларға сүйенеді, ойдан ештеңе қоспайды.
Өзіміз сөйлейтін қазақша
Өзіміз қалай сөйлесек, солай жазады: қысқа, ауызекі, өз сөзімізбен. Кітаптағыдай да, орысшадан аударғандай да емес. Бөлек ЖИ-редактор әр постты қарап шығады, түзеткен жерлеріңізді келесіде ескереді.
Кесте бойынша жариялайды
Жазбалар сіз таңдаған уақытта жарияланады, бірақ минуттары табиғи көрінуі үшін сәл ауытқиды. Алдағы үш күнге кезек алдын ала құрылады.
Жауаптар мен пікірлер
Тақырыптарыңызға қатысты жаңа жазбалар мен пікірлерді тауып, жауап дайындайды. Жіберетін сіз.
Саланы талдау және өсу жоспары
Салаңызда қай тәсіл көбірек қаралым әкелетінін, кімнің ең жылдам өсіп жатқанын көрсетеді. 30 күндік өсу жоспарын құрып, жаңа тәсілдерді өз жазбаларында сынап көреді.
Адалдық бағдарламасы
Тұтынушылар Threads-та сізді белгілеп, ұпай алады да, оны сыйлыққа айырбастайды. Ұпай автоматты түрде есептеледі.
Алғашқы жазбалар бес минутта дайын
Threads-ті қосыңыз
Threads-тің ресми бағдарламалық интерфейсі арқылы. Құпиясөз керек емес, рұқсатты кез келген сәтте өшіре аласыз.
Өзіңіз туралы айтыңыз
Қалай жазатыныңызды өз сөзіңізбен айтып беріп, басыңыздан өткен бір-екі оқиғаны қосыңыз. Алғашқы сипаттаманы ЖИ жазбаларыңызға қарап жазып бере алады.
Жазбаларды мақұлдаңыз
Жобалар таспада және Telegram-да пайда болады. Мақұлдасаңыз, жазба белгіленген уақытта жарияланады.
Тегін құралдар
Тіркелмей-ақ. Threads Studio ЖИ-і қалай жұмыс істейтінін байқап көріңіз.
Брендтер мен агенттіктерге
Тек Threads-тен көрінетін деректер: салада кім өсіп жатыр, қай тәсіл нәтиже беріп жүр, кімнің қаралымы шынайы, кімнің жазылушылары жасанды.
Парақшаңыз бен бәсекелестерді талдау
Парақшаңызды бес бәсекелестің парақшасымен салыстырамыз: қаралым, өсім, қолданатын тәсілдер. 30 күндік жоспар да болады. Есепке сілтеме жібереміз, бір рет төлейсіз: 19 990 ₸.
Қаралымы шынайы авторларды іріктеу
Салаңыздағы авторлардың арасынан бір жазылушыға шаққанда қаралымы көп, оқырманы көбейіп жатқандарын табамыз. Жазылушысы қанша екеніне қарамай, қаралымына мән береміз.
Өсіп келе жатқан парақшалар рейтингі
Қазақстандағы әр салада Threads-те кім жазылушыны тез жинап жатқанын көрсетеді. Күн сайын жаңарады. Рейтингті ашу
Тарифтер
Алғашқы 7 күн бәрі «Про» тарифіндегідей, карта керек емес. Барлық тарифте сапа бірдей, тек көлемі өзгереді.
Бесплатный
- Айына ЖИ жазған 10 жазба
- 20 жылдам түзету
- ЖИ дайындаған 30 жауап
- Threads-тағы 1 парақша
- Саладағы тәсілдер, қысқаша
Старт
- Айына ЖИ жазған 60 жазба
- 100 жылдам түзету
- ЖИ дайындаған 200 жауап
- 10 сурет
- Threads-тағы 1 парақша
- Алдағы 3 күнге жазбаларды автоматты түрде дайындау
- Саладағы тәсілдер, қысқаша
Про
- Айына ЖИ жазған 150 жазба
- 200 жылдам түзету
- ЖИ дайындаған 1000 жауап
- 30 сурет
- 8 үрдісті талдау
- Threads-тағы 1 парақша
- Алдағы 3 күнге жазбаларды автоматты түрде дайындау
- Сала радары, бәсекелестер және өсу жоспары
- 30 қатысушыға дейінгі адалдық бағдарламасы
Бизнес
- Айына ЖИ жазған 500 жазба
- 800 жылдам түзету
- ЖИ дайындаған 2000 жауап
- 60 сурет
- 20 үрдісті талдау
- Threads-тағы 5 парақшаға дейін
- Алдағы 3 күнге жазбаларды автоматты түрде дайындау
- Сала радары, бәсекелестер және өсу жоспары
- 500 қатысушыға дейінгі адалдық бағдарламасы
Адалдық бағдарламасы бөлек қосылады: 500 қатысушыға дейін айына 9 990 ₸, 3 000 қатысушыға дейін айына 19 990 ₸.
Сұрақтар
Парақша үшін қауіпсіз бе?
Қызмет Meta ұсынған Threads-тің ресми бағдарламалық интерфейсі арқылы жұмыс істейді. Құпиясөз берілмейді, рұқсатты Threads баптауларынан өшіре аласыз. Қол жеткізу кілттері шифрланып сақталады.
Жазбалар менің рұқсатымсыз жарияланып кетпей ме?
Жоқ. Әдетте әр жаңа жазба алдымен жоба ретінде сақталады да, тек сіз мақұлдағаннан кейін жарияланады.
ChatGPT-тен сұрай салғаннан несі артық?
Кәдімгі чат қазақша сауатты жазады, бірақ оқулық не жарнама сияқты шығады: «Бүгін бастаңыз», «нақты нәтиже». Threads Studio жазу мәнеріңізді, сәтті деп белгілеген мәтіндеріңізді және басыңыздан өткен оқиғаларды ескеріп, өзіңіз сөйлегендей жазады. Бөлек ЖИ-редактор әр постты оқып шығады, түзеткен жерлеріңізді келесіде ескереді. Посттар белгіленген уақытта өздері шыға береді.
Екі тілде жазуға бола ма?
Иә. Жазбалар қалаған үлесіңізде кезектесіп шығады, күнделікті тілдегідей екі тіл араласуы да мүмкін немесе бірден екі тілде жарияланады.
Сынақ аптасынан кейін не болады?
Парақша тегін тарифке өтеді: айына ЖИ жазған 10 жазба. Деректер сақталады, ақылы тарифті кез келген уақытта таңдай аласыз.
Қалай төлеймін?
Әзірге шотпен төлейсіз: Kaspi арқылы немесе жеке кәсіпкердің шотына аударасыз. «Тариф» бөлімінде өтінім қалдырыңыз, шотты жұмыс күні ішінде жібереміз.
Сала туралы дерек қайдан алынады?
Threads-тегі ашық жазбалар мен парақшалардан, ресми API мен ашық дереккөздерден. Көрсеткіштеріңіз сала бойынша кемінде бес парақшаның орташа есебіне атыңыз аталмай қосылады. Мұны баптаулардан өшіруге болады.
Өз парақшаңызда байқап көріңіз
Жеті күн тегін, карта керек емес.